Версия для печати

НАУҚАСТАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ Избранное

Среда, 29 Июль 2020 04:13 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3851 раз
Оцените материал
(0 голосов)

психкөмек

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде індетке шалдыққан науқастарға психологиялық көмект көрсетілетінін мәлімдеді. Оны «1430» қосымшасына тіркеліп, онлайн түрінде алады.

– Бұл «1430» мобильді қосымшасында білікті психологтар тобы жұмыс істейді. Мамандар коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарға психологиялық оңалту жұмыстары бойынша онлайн түрде кеңес береді. Аталған індеттің нейротоксикалық әсері болғандықтан, науқастың бойында үрей қалады. Сол себепті күйзелістен арылтып, қалыпты өміріне бейімдеу үшін бұл көмектің маңыздылығы ерекше, – деді Т.Варзилов.
Айта кетейік, «1430» онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы осы жылдың 15 шілдесінен бастап іске қосылды. Бүгінде қосымшаға тіркелген эпидемиолог, инфекционист, пульмонолог сынды бейімді мамандардан бастап, жалпы саны 692 дәрігер халыққа онлайн түрде өз қызметтерін көрсетуде. Аталған кеңес тобына хабарласып жатқан науқастардың саны күннен-күнге артып, қашықтан консультациялық кеңес беру жұмыстары қарқынды жүруде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.