Версия для печати

Ендігі қауіп құс тұмауынан болмасын... Избранное

Пятница, 25 Сентябрь 2020 04:30 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2763 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Коронавирус індеті елді шаршатқаны аздай, енді оған құс тұмауы деп аталатын, жануарларда болатын оба келіп қосылды. Соңғы деректерге сәйкес бүгінгі таңда республиканың бес облысында, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қарағанды өңірлеріне қарасты 26 ауданның 47 елдімекенінде құс тұмау дерегі тіркелген.

Осыған байланысты Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен аумақтық инспекция мамандары аурудың алдын-алу шараларына кірісіп кетті. Ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы Манарбек Ержігітовтің айтуынша, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың тапсырмасымен 23 қыркүйек күні үй құстарына вакцина бөлу жөнінде тиісті органдарға ұсыныс хат жіберілген. Хатқа сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан 186500 доза вакцина алдыру жөнінде тапсырыс берілген. 1 доза вакцина 2 құсқа екпе жасауға жетеді.
— ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен жақында жекеменшік құс фабрикалары вакцина салуды өз қаражаты есебінен жүргізсін деген хат келді. Статистика департаментінің 1 тамыздағы мәліметі бойынша, қалада 969 мың құс бар. Оның 596 мыңы құс фабрикаларына тиесілі. Атап айтқанда, «Тассай құс», фабрикасы – 130 мың, «Шымкент құс» кәсіпорны 469 мың тауық өсіруде. Қалған құстар жеке адамдардың қолында. Құс температурасы адамнан 3-4 градус жоғары болады. Сондықтан құс тұмауын қоздыратын вирус төмен температурада өмір сүре алмайды. Дегенмен бұл індет аса жұқпалы аурулар тізімінде болғандықтан, адамға жұғу қаупі бар. Сол үшін тұрғындар сақтық шараларын мұқият сақтағаны жөн. Осыған байланысты қазір ветеринар-дәрігерлер базарларда, басқа да сауда нүктелерінде құс өнімдерінің сапасын қатаң бақылауға алып отыр. Осыған байланысты аумақтық ветеринарлық инспекция және «Ветеринарлық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 106 маманы елдімекендерді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, құстың етін, жұмыртқасын асқа пайдаланудан келіп-кетер ешқандай қауіп-қатер жоқ. Ең бастысы, дұрыс термиялық өңдеуден өткізіп барып пайдалану керек, – деді М.Ержігітов.
Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, 2018 жылы Шымкент қаласына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 25756 бас құсқа екпе берілген. Алайда бізде өткен және биыл құс тұмауының тіркелмеуіне байланысты вакцина бөлу жұмыстары тоқтатылған.
ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қызғалдақ
Жұбатқанова жыл құстары жылы мекендерге әлі ұшып жатқанын, сол себепті еліміздің оңтүстік, батыс өңірлерінде құс тұмауының таралу қаупі бар екенін жоққа шығармады. Өйткені
Ресейдің Челябинск, Омбы облыстарынан басталған індеттің Қазақстанда да тіркелуі обаның жабайы құстардан үй құстарына жұғуынан болған. Бұл ретте ветеринар мамандар індеттен құтылудың жалғыз жолы – қаладағы әр үй құсына жеке-жеке вакцина салу қажет екенін айтады.