MiFi катетері жүректің «моторын» қалпына келтіреді Избранное

Пятница, 23 Октябрь 2020 04:18 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2568 раз

Жүрек ырғағы мен өткізгіштің бұзылуы, жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде кең таралған. Бұл ауру асқынса өмірге қауіп төндіреді. Заманауи интервенциялық аритмология – кардиологияның қарқынды дамып келе жатқан саласы.

807

 

Шымкент қаласы республикада үшінші мегаполис болғандықтан жүрек ырғағының бұзылуын хирургиялық жолмен емдеуге мұқтаж жандар жыл сайын 3000-нан астам адамды құрайды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасының қалалық кардиологиялық орталығы – Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жүрек ырғағының бұзылуына ота жасайтын жалғыз емдеу мекемесі.
Кардиологияның жаңа бағытын дамыту және аритмологиялық қызметке жаңа технологияларды енгізу үшін жуырда Шымкент қалалық кардиологиялық орталығында
Қазақ аритмотологтар қоғамының президенті, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы аритмология бөлімінің меңгерушісі А.С.Әбдірахмановтың қатысуымен шеберлік сыныбы өтті. Аталмыш ісшарасы аясында үш науқасқа MiFi катетері қолданылып ота жасалды.
–Intella Tip MiFi деп алататын бұл медициналық микроэлектродтардан келетін сигналдар арқылы ұштың орнын және әсер ету аймағын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүректегі ауру ошағын дәл анықтауға және егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге медицина ғылымындағы жаңа тәсілдің арқасында жүрекке жасалатын операцияның тиімділігі айтарлықтай арта түспек, сондай-ақ MiFi катетерінің көмегімен рецидивтердің уақыты мен жиілігі азаяды. Жүрек адам ағзасындағы ең маңызды орган. Оның қызметі бұзылса ағзадағы барлық мүшенің қалыпты жұмысы кері кетеді. Тіпті адам өміріне ең үлкен қауіп төндіретін дерттердің ішінде жүрек қан-тамыр аурулары саналады. Статистикалық дерек бойынша орын алып жатқан өлім-жітімнің арасында бірінші орында тұрған да осы жүрек қан-тамырларынан болатын кеселдер. Ал Tip MiFi катетерін қоюдың себебі, қарапайым тілмен айтқанда, жүректе пайда болған аритмиялық, яғни дұрыс қалыптаспаған нерв талшықтарын жою үшін қажет. Жүректе туындаған мұндай ақауды тахиаритмия ауру деп атайды. Оның адамның басты органына тигізер зияны – жүрек соғысының ырғағын бұзады. Ауруды дер кезінде емдемесе соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтырады.
Тахиаритмияның туындау себептері артық салмақ, қан қысымы, уайымшылдық немесе стресс және саламатты өмір салтын ұстанбау секілді жағдаяттарға көбірек байланысты. Сондықтан да адамдардың ішінде осы аурумен ауыратындардың саны жүрек қан-тамырларының басқа дерттерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Дегенмен осынау жаңа медициналық емдеу тәсілінің арқасында аталмыш аурудан өте жылдам әрі оңай жолмен құтылуға мүмкіндік туып отыр. Медицина саласы бір орында тұрған жоқ. Дамып жатыр. Соған қарай дәрігерлер де қазіргі заман талабынан, замана көшінен қалып қоймауы қажет – деді Шымкент қалалық кардиологиялық орталығы аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Азат Тұрсынбеков.
Дәрігердің айтуынша осындай шеберлік сыныптары бүгінде отандық медицина саласына өте керекті нәрсе. Мұндай игілікті іс бүкіл кардиологиялық оның ішіндегі аритмологиялық қызмет түрін дамытуға, ондағы дәрігерлердің біліктілігін арттырып, тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. Дәрігерлер хирургиялық араласудың жаңа әдістерін меңгеріп, күнделікті ота жасау практикасында қолдану арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға, жүрек қан-тамырлары ауруынан болатын қайғылы статистиканың санын азайтуға өз үлестерін қоспақ.