Версия для печати

АӘК: онлайн рәсімдеушілер көбейді Избранное

Среда, 12 Май 2021 05:28 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 9835 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1 сәуірден бастап мемлекет тарапынан көмек алуға құқылы отбасылардың өтініштері электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда. Ол үшін аз қамтылған азаматтар мен көп балалы отбасылардан өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек. Өтінімдер тексеріліп, әлеуметтік әлсіз топқа жататыны дәлелденсе, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

763

 

– Қазіргі таңда тұрғындардың қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мекемелерінде кезек қалыптастырмау және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы мақсатында биылғы ІІ тоқсаннан бастап АӘК алушылардың өтініштері «Электронды үкімет» порталы (egov) арқылы қабылданады. Бұл – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы. Бүгінге дейін 19 408 адам АӘК-ке өтінім білдірсе, оның ішінде 6 704 өтінім электронды үкімет порталы арқылы, ал 12 704 адам жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандардың көмегі арқылы құжаттарын тапсырды. Өтініштердің басым бөлігі аудандық әкімдіктің қарауында. Аудандық әкімдіктегі учаскелік комиссия өтінімдерді тексеріп, оң немесе теріс шешімді шығарады, – дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Айгерім Нұрбекова.
Мамандардың айтуынша, көп балалы аналарға ақшалай көрсетілетін көмек мөлшері отбасыдағы бала санына қарай тағайындалады. Ал кәмелет жасынан аспаған 4 баласы бар отбасы көп балалылар қатарына енеді.
Ал электронды үкімет порталы арқылы өтінім білдіру тәртібі мен тиісті бейнеролик қалалық жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған (Instagram: zhumispen.kamtu, Facebook: Шымкент жұмыспен қамту орталығы).
Жалпы, 2021 жылдың І тоқсанында Шымкент қаласы
бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 43 686 отбасы өтініш беріп, оның ішінде 32 694 отбасыға (182 049 адамға) шартты ақшалай көмек, 4 687 отбасыға (17 613 адамға) шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. Айта кетейік, қала тұрғындары жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, кәсіптік оқыту мәселелері бойынша сұрақтарын орталыққа бармай-ақ төрт аудандағы тиісті мамандарға қойып, жауабын ала алады. Бұл әрі карантин талаптарын сақтау үшін қажет.

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының тиісті бөлімдерінің байланыс телефондары:

Абай ауданы (жұмыспен қамту бойынша): 8 707 453 08 03,
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша:
8 775 400 15 76 (Whats app);

Еңбекші ауданы (жұмыспен қамту бойынша): 8 775 299 66 20,
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша:
8 700 291 13 59, 8 705 898 09 09;

Әл-Фараби ауданы (жұмыспен қамту бойынша): 8 702 934 80 41 (Whats app),
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша:
8 705 388 10 34 (Whats app);

Қаратау ауданы (жұмыспен қамту бойынша): 8 705 287 60 44,
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша: 8 775 858 71 88;
Кәсіптік оқыту бойынша: 8 775 053 39 41.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-19:00 (түскі үзіліс – 13:00-15:00).
Бір ескеретін жайт, жұмыспен қамту орталығының мамандары көрсетілген нөмірлерге хабарласқанда түскі үзілісті және жұмыс уақытын ескеруді сұранады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.