ЛИЦЕНЗИЯЛАУ – БАЛАБАҚШАЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

Среда, 03 Август 2022 05:15 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2450 раз

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан балабақшаларды лицензиялау мәселесі жөнінде ақпараттар әлеуметтік желілерде жарияланып, түсіндірілуде. Лицензиялау мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды. Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек. Мұндағы талаптар балабақшадағы жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау және басқа да талаптар.

109

 

Сондай-ақ, лицензиялаудың басталуы 2024 жылға жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз, мектепке дейінгі ұйымдарға жұ¬мыс¬ты сапа стандарттарына сәй¬кестендіру үшін уақыт беріледі. Балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Одан кейін қайта мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар, содан соң барлық жұмыс істеп тұрған ұйымдар лицензияланады.

Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы тоқтатылған болатын. Бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні балабақшамен қамту 100 пайызға жетіп отыр.

Шымкент қаласы бойынша 577 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, оның 72-і мемлекеттік және 505-і жекеменшік. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту - 88,3 пайыз, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту – 100 пайызды құрап отыр. Сондықтан, сапа мәселесі бірінші орында тұр. Балабақшалар жұмысын талапқа сай, сапалы жүргізіп, кемшіліктерді жоюға жұмыс жасау қажет. Балалабақшада берілген тәрбие –тәрбиенің бастауы.


П.БЕКТАЕВА,
Шымкент қаласының білім басқармасының
Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.