Версия для печати

Жіті ішек инфекцияларының алдын алу маңызды

Среда, 10 Август 2022 06:28 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2155 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жіті ішек жұқпалары – белгілері ұқсас, бірақ қоздырғыштары әр түрлі (вирустар, бактериялар, жай микроорганизмдер) үлкен топты аурулар. Негізінде қоздырғыштар адам ағзасына тағам, су және кір қол арқылы түседі, асқорыту жолдарында көбейіп, адам өміріне қауіпті токсиндер бөледі.

 

Ішек инфекцияларының негізгі клиникалық белгілері: іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу, іштің желденуі, іштің сұйық жиі өтуі, дене қызуының көтерілуі, сондай-ақ жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.
Ішек жұқпаларының қоздырғыштары қоршаған ортада жақсы сақталады, әрі өздерінің тіршілікке қабілеттілігін апта,тіпті айлап та сақтайды. Ластанған ыдыста, ылғалды іш-киімде, топырақта- 3 айға дейін, тамақ өнімдерінде (сүт және ет өнімдерінде, салаттарда, нанда және т.б.) бірнеше тәулік бойы, суда 5-6 күн сақталады. Ауырған адамдар немесе аурудың жеңіл түрімен ауырған (емделмеген), ағзасынан ауру қоздырғыштары үнемі бөлініп отыратын адамдар – ауру көзі болып табылады. Олар жеке бас тазалығы ережелерін сақтамаған жағдайда, ластанған қолдарымен микробтарды қоршаған ортадағы заттарға, орамалға, ыдысқа, тамақ өнімдеріне тасымалдайды.
ЖІИ-ның алдын алу жолдары:
- көкөніс, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында ағынды судың астында мұқият жуып, қайнаған сумен шайған жөн;
- қоғамдық орындарда болғаннан соң, дәретханаға барғаннан кейін, баланы тамақтандырар алдында, тамақты дайындар алдында қолды міндетті түрде сабындап жуу керек;
- шикі сүтті міндетті түрде қайнатып ішу керек;
- тез бұзылатын және дайын тамақтарды тоңазытқышта сақтап, егер сақтауға мүмкіндік болмаса сатып алған күні пайдалану керек;
- шикі және дайын өнімдерді бір бірінен бөлек жеке ыдыста сақтау керек;
- егер дайын тамақ келесі күнге қалатын болса, оны пайдаланар алдында қайнатып немесе қуырып жіберген жөн;
- қала сыртына демалуға шыққан кезде кездейсоқ су көздерінен су ішуге және ыдыс жууға болмайды;
- суға тек арнайы белгіленген орындарда ғана түсуге болады.
Есте сақтаңыздар! Жай ғана ішектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауіпті асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тіпті өлім-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, өзін-өзі, әсіресе кішкентай баланы емдеуге мүлдем болмайды. Аурудын алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ, бірден медициналық көмекке жүгініңіз.

Замира Сламбекова,
Шымкент қалалық №2 емхананың инфекционист-дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.