Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Тайланд және Қазақстан) келген 64 спортшы бақ сынап жатыр.

Mergen

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Жұмыс сапары аясында биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығын пысықтап, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездесу өткізді.

Apto

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы 6 сәуірде 10 миллион теңгеге 20 тонна гуманитарлық көмектің алғашқы легін Атырауға жөнелтті. Көмек жинауға арналған қайырымдылық шарасы «Жүректен – жүрекке» акциясының аясында қолға алынған. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмектің 20 тонналық екінші партиясы жөнелтуге дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

Komek

Шымкентте Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті.

elektr

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баспасөз брифингін өткізді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретін жерді тиімді пайдалану, жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын мемлекеттiк реттеу, сыртқы жарнамаларды ретке келтіру, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, Бас жоспарды жүзеге асыру жұмыстарының барысын баяндады.

Jarnama-2

ӘСКЕРГЕ БАР, АЗАМАТ!

Среда, 10 Апрель 2024 05:30

Шымкентте көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды. Биыл көктемгі науқанда 948 азаматты әскер қатарына жіберу көзделген. ҚР Қарулы Күштерінің десанттық шабуылдау әскерлеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті.

asker

Шымкент қаласындағы жаңа ипподромда «Теңге ілу» ұлттық спорт түрінен II Азия Кубогы бәсекесі өтті. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған халықаралық жарыста Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолиядан және еліміздің өңірлерінен келген спортшылар теңге ілудің 3 стилі бойынша бақ сынады.

Baige

Шымкентте дәстүрге айналған «NAURYZ RUN» 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру сайысы өтті. 18-29, 30-39, 40-49, 50+ категориялары бойынша әуесқой жүгірушілер, қала тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттады.

sport

Страница 1 из 82