ШЫМКЕНТТЕН су басқан аймаққа 30 АРНАЙЫ ТЕХНИКА КӨМЕККЕ ЖІБЕРІЛДІ
Вторник, 05 Май 2020 23:20 Автор Редакция
Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді. Ауданда төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен Шымкент қаласынан арнайы техникалар көмекке жіберіле бастаған болатын.Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбековтың мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап тартып отырған ауданға көмек мұнымен тоқтамайды және…
«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға жәрдем беруді жөн санаған.Жомарт жүректі азамат Шымкенттегі «Жыланбұзған», «Абдул Абад», «Қызылжар», «Турды абат», «Маятас», «Тоғыс»,…
Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізіп, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су алған ауылдарды аралап шығуда.Атап айтқанда, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару…
Төтенше жағдай кезінде қаламызда көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары жалғасуда. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында тұрғындарға көмек беруді қолға алған болатын. Кезекті қайырымдылық акцияға «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты демеушілік жасады. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы Абай,…
Қатерлі вирустан қорғанудың қамын Шымкент қаласының әкімі ерте бастан-ақ қолға алды. Жан-жағымызды қымтап, қалаға кіретін жолдарды бекітіп, ірі сауда орталықтары мен көпшілік шоғырланатын қоғамдық орындардың жұмысын тоқтатты. Мекемелер мен көптеген кәсіпорындар уақытша жабылды. Бірқатар мекеме қашықтан жұмыс істеуге, білім ошақтары қашықтан оқуға көшті. Қоғамдық көліктердің…
Шымкентте пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау қатаң бақылауға алынған. Жергілікті билік пен жауапты мекемелерден бөлек карантин тәртібінің сақталуын шаһарда Арнайы мониторингтік топ та назарға алған. Топ жетекшісі Әсет Әссандиді «Магнум» сауда желісінде азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде жолықтырып, әңгімелескен болатынбыз. – Әсет…
Еліміздегі төтенше жағдай кезінде көпшілік арасынан шыққан жомарт жандар індетпен күрестің алғы шебінде жүрген қызметкерлерге қолғабыс жасауда. Шымкенттегі осындай қайырымдылық акциясынан кәсіподақ мүшелері де қалыс қалмады. Жуырда Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының өкілдері «Біз біргеміз!» акциясын өткізді. – Кәсіподақ мүшелері «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық…
1414 орталығынан бір аптада 90 мың шымкенттік кеңес алды
Пятница, 17 Апрель 2020 09:53 Автор Редакция
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын 25 наурыздан бері уақытша тоқтатқан болатын. Бұл өз кезегінде бірыңғай байланыс орталығы операторларының жұмыс жүктемесін арттырды. Азаматтарға арналған үкімет 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін ХҚО қызметкерлерін жұмылдырды. Шымкент қаласының 144 тәжірибелі және дайындықтан өткен…
Жұқпалы індет тарағалы «103» қызметінің жұмысы күрт көбейді. Төтенше жағдай енгізілгеннен соң ең алдымен жауапкершілік осы сала мамандарына жүктелді. Жедел жәрдем стансасының бекеттеріне күніне 2500-ден астам қоңырау келіп түседі. Тәулігіне 1500 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Айта кету керек, күн сайын денсаулығына шағымданып, хабарласатындардың саны…
Ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әже туралы» әнінде «Менің жаным жаулығыңа түюлі» деген сөз бар. Танымал әннің мәтініне қарап, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде орамалдың рөлінің маңыздылығын байқауға болады. Аналарымыздың арындай болған жаулықты дәріптеу мақсатында әлеуметтік желіде «Орамалды ару» челенджі кеңінен тарап кетті. Өңірлердегі…