10 мобильді педиатриялық бригада құрылды Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 500 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады.

225

 

«Соңғы 8 айда белгіленген 9 индикатордың 8-і орындалды. Бір индикатор бойынша – «Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» туралы мәлімет 2023 жылы шығады», – деді әкім баяндамасында.
Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші жоғарылап, аяғы ауыр келіншектер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажы 73 пайыздан 100 пайызға өсті. Дерекке сәйкес, шетінеген нәрестелер саны да жоспарлы индикаторға әсер етуде. Дегенмен болжам шегінде.
Түркістан облысының негізгі денсаулық сақтау ұйымдары Шымкентте орналасқан. Сол себепті өлім көрсеткіші қалада тіркеледі. Ал Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметтерді түзетіп отырады.
Қала әкімі сәбилердің өмірін сақтап қалу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты.
Алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 орынды заманауи периниталды орталық, университеттік аурухана мен 700 адам қабылдайтын орталық салу жоспарда бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.