АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР КЕЗЕКПЕН БЕРІЛЕДІ Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 944 раз

Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты жеке қабылдады.

243

 

Басқарма басшысы қабылдауда болған азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған азаматтардың тұрғын үй кезегіне тіркелуге, тұрғын үйді жекешелендіруге және жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспаналы болуға қатысты сұрақтары тыңдалды.
– Баспана мәселесі адам өміріне ерекше ықпалы бар тұрмыстық ахуал екені белгілі. Осыған байланысты біздің басқарма өзіне жүктелген міндет жүгінің қаншалықты жауапты екенін жете сезіне отырып, сапалы жұмыс атқаруға күш салуда. Бүгінгі таңда
Шымкент қаласы бойынша коммуналды тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаждар кезегінде 49 мыңнан аса азамат тіркелген. Бұл ретте азаматтарды баспанамен қамту мәселесі тек кезек реті арқылы ғана жүзеге асатынын ерекше атап өтемін, – деді басқарма басшысы
Жанат Өмірсейітқызы.
Жалпы биыл тұрғын үй кезегіндегі 748 отбасыны сатып алу құқығынсыз әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған болса, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 31, көп балалы отбасылар – 86, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы бойынша 95 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қалған пәтерлер алдағы уақытта, жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады. Бұдан бөлек биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша 857 азамат сатып алу құқығынсыз пәтермен қамтылады.
Айта кету керек, қазіргі таңда баспана кезегі арқылы азаматтарға арендалық баспаналар сатып алу
құқығынсыз берілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.