Іс-шара архив саласының имиджін көтеру, архивтің қоғамдағы рөлі, оның атқаратын қызметін жастарға кеңінен насихаттауды мақсат еткен.
«Ашық есік» күнінде «Архив – 2025» кешенді жоспарына сәйкес Шымкент қаласының тарихына қатысты Ресей, Өзбекстаннан әкелінген құнды құжаттар таныстырылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың доценті Гүлнар Жанысбекова Мәскеу қаласының 4 архив мекемесінде болып, қаламыздың тарихына қатысты құжаттарды зерттеп қайтқан-тын. Тарих ғылымдарының кандидаты қалалық №4 колледждің шәкірттеріне Шымкенттің XIX ғасырдың екінші жартысындағы тарихы туралы әңгімелеп берді.
Шымкент қаласының мемлекеттік архивінің құрылғанына биыл 30 жыл толды. Қазіргі таңда мекемеде 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Қалалық мемлекеттік архивтің басшысы Айпар Амангелдиеваның айтуынша, 30 жылдық мерейтойды атап өтуде іс-шаралар жоспары әзірленген.