18-ШІ САУДА НҮКТЕСІ: БАҒА ТҰРАҚТЫ Избранное

Пятница, 11 Ноябрь 2022 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 878 раз

Тұран шағынауданында «GraMad» сауда желісінің кезекті супермаркеті ашылды. Бұл – аталған компанияның қаладағы 18-ші сауда нүктесі.

714

 

– Шымкент қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қор азық-түлік тауарларын өндірушілер мен ірі сауда желілеріне айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несие береді. Өз кезегінде сауда желілері әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларын келісімшарт негізінде белгіленген баға бойынша сатады. Міне, осындай келісімшартпен жұмыс істеп жатқан компаниялардың бірі — «GraMad» сауда желісі. Тұрғындар саны жедел көбейіп келе жатқан Тұран шағынауданында кезекті, 18-ші сауда нүктесі ашылды. Компания жыл соңына дейін тағы да осындай 4 супермаркет ашуды жоспарлап отыр, – дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков.
Сауда орталығында әлеуметтік маңызға ие тауарлар белгіленген, яғни, арзандатылған баға бойынша сатылып жатыр. Мәселен, 1 келі күрішті – 290 теңгеге , шекерді – 460 теңгеге, І сұрыпты ұнды – 170 теңгеге, пиязды – 100 теңгеге, ал картопты 90 теңгеге алуға болады.