Версия для печати

ҚАУІПСІЗДІК – БІРІНШІ ОРЫНДА Избранное

Пятница, 18 Ноябрь 2022 05:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1058 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылып келеді.

813

 

Жалпы қала көлемінде 284 бағдаршам нысаны болса, ағымдағы жылы қажеттілігі бар аймақтарға қосымша 12 бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі қойылды. Келер жылғы жоспарға сәйкес, 15 аймаққа бағдаршам орнату жоспарлануда.
Естеріңізде болса, 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 «Сергек» камерасы орнатылған болатын. Биыл да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана«Сергек» камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.