Версия для печати

12 БАЗАР ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢҒЫРДЫ Избранное

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1009 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы 12 базарда қайта құру және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр.

833

 

Мамандардың айтуы бойынша, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Заң талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуге жатады.
Оның ішінде 12 базарда, жоғарыда айтқанымыздай, реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек жолы», «Жаңа шаһар»,
«Назым апа» және «Көмеш бұлақ» базарлары талапқа сәкестендірілген.
Ал «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам» базарларында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, бұл базарлар сауда қызметін ұйымдастыру қағидаларына, оның аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестендірілуде.
Ресми деректерге сүйенер болсақ, биыл «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында базарларда ақпараттық стендтер орнатылған. Бұған қоса өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветириналық талаптарға сәйкес келтіру бойынша да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.