ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА ТАПСЫРАДЫ Избранное

Среда, 11 Январь 2023 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1095 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің хабарлауынша, 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтиханды жаңа мекенжайда тапсыруға болады: Достық шағынауданы, 2343/1, мамандандырылған ХҚО ғимараты. Бұған дейін бұл жерде практикалық емтихан ғана қабылданатын еді. Жаңалық жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалып отыр.

615

 

– Бұған дейін жерлестеріміз теориялық емтиханды бір жерде, ал практикалық емтиханды екінші жерде тапсырып жүретін. Ал бұл уақыт жоғалтуға келіп соқтыратыны белгілі. Мемлекеттік корпорация барлық қызметті «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынып келеді. Тағы бір айтарымыз, бұған дейін теориялық емтихан қабылданып келген Төлеметов көшесі, 35-ғимаратта ондай емтихан енді қабылданбайды, – дейді мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Бекжан Қоржынбаев.
Айта кетейік, Шымкенттегі тағы бір мамандандырылған ХҚО да «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Оның мекенжайы: 119-орам, Ташкент тасжолы, 381/1. Жұмыс кестесі – дүйсенбі-жұма аралығына, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліссіз).
Еске салайық, жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтарға теориялық және практикалық емтихан тапсыру үшін 2 сағаттай уақыт беріледі. Ал жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыру уақыты 50 минуттан аспайды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.