ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ МЕРЗІМІ ӨТСЕ... Избранное

Пятница, 20 Январь 2023 06:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 364 раз

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-ларда жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеуге өтініш білдірген тұрғындар саны көбейді. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» компорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері төлқұжат пен жеке куәлікті қалай алуға болатыны туралы айтып берді.

751

 

1 қаңтардан бастап құжаттарды рәсімдеудің мемлекеттік баж көлемі өзгерген. Әзірге төлқұжат пен жеке куәлікті алу қызметі онлайн режимде қолжетімді емес, ол үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі, яғни, өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚО-ға бара аласыз.
– Мысалы, сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, 1 ай мерзімге дейін кешіккеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Ал егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, айыппұл төлеу керек болады, – деді корпорацияның Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы
Алтынай Татаева.
Айта кетейік, төлқұжат алу үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2023 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 27 600 теңге, ал жеке куәлікке мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 690 теңге болады. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады, үш күн және бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.
Анықтама: 2022 жылы шымкенттіктер 50 мың жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.