Версия для печати

АЛДЫМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ТҮЗ Избранное

Пятница, 20 Январь 2023 06:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 817 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2022 жылдың есептік кезеңінде қала аумағында 32 жазатайым оқиға орын алып, 47 адам зардап шекті, 9 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 29 адам ауыр жарақат, 9 адам жеңіл жарақат алған. Бұл жөнінде Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.

755

 

– Өткен жылы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, жеке тұлғалардан 1 670 арыз-шағым мен өтініш заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді. Басқарма тарапынан тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 344 бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңға анықталған бұзушылықтардың 318-і жойылып, заңнамаға сәйкес шара қолданылды, – дейді басқарма басшысы Б.Қалжанов.
Еңбек қатынастарының бұзылуына байланысты арыз-шағымдардың басым бөлігі білім, денсаулық, құрылыс, сауда және күзет қызметі салаларынан түскен. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 21,2 млн теңге көлемінде 128 әкімшілік айыппұл салынып, қозғалған 122 әкімшілік іс бойынша 14,6 млн теңге айыппұл өндірілді.
Басқарма тарапынан атқарылған жұмыс нәтижесінде бір жылда жалпы 1 816 жұмыскердің бұзылған құқықтары заңға сәйкестендіріліп, әлеуметтік құқықтары қорғалған. Соның ішінде 76 кәсіпорында 1 430 жұмыскердің 240,3 млн теңге көлеміндегі
жалақы қарызры өтелген.
– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша жұмыс берушілерді де, жұмыскерлерді де еңбек қатынастарын еңбек шартын түзуден бастауға шақырамыз. Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы құқықтар осы құжатта айқындалуы тиіс, – дейді Бауыржан Ахметәліұлы.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.