ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ ЕКІ ОРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ Избранное

Среда, 25 Январь 2023 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 118 раз

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді. Оған өңірлік полиция департаментінің басшылары мен бірқатар жауапты мамандар қатысты.

763

 Отырыста, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру бойынша атқарылатын қызметтер талқыланды.

Шаһарда осы бағыттағы жұмысты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев қадағалауға келді. Жұмыс сапары барысында полиция полковнигі Шымкент ПД бастығы Қайрат Дәлбековпен бірге автокөлік иелеріне арналған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын аралады. Полицейлер шетелдік автокөліктерді заңдастыру мәселелері жөнінде азаматтардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау бойынша ХҚКО жұмысын тексерді.
Үшінші мегаполисте бірінші болып Есенгелді Досболов өз көлігін тіркеді. Қысқа уақыт ішінде автокөлік иесі өткен жылы елге әкелген Toyota автокөлігін толық тексеруден өткізіп, шетелдік нөмірін қазақстандық нөмірге ауыстырды. Жүргізуші бұл рәсімге бір сағаттан астам уақыты кеткенін айтып, полицейлер мен ХҚКО жұмысшыларына жылдам қызмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Аталған қызмет Шымкент қаласы аумағында екі орында яғни, Достық шағынауданындағы және «Арғымақ» автокөлік базары маңындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады. Мұнда автокөлікті қарайтын тиісті орындар дайындалған және келушілерді кезегімен реттеу мәселесі автоматтандырылған (талон беру). Айта кететін жайт, көлік толық тексеруден өткен соң ғана тіркеуге жіберіледі.
Аталған орындарға Полиция департаментінің 4 сарапшы-криминалисті және 4 Процессингі орталығының қызметкерлері бекітіліп, оларға арнайы планшеттер бөлінді және тиісті дерек қорлары жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, Мемлекеттік кірістер департаментінен екі қызметкер бөлінді. Сонымен қатар, колл-орталықта 53-71-06 телефон нөмірі байланыста болады.
Бүгінде, Шымкент қаласында жедел ақпаратқа сәйкес шетелдік автокөліктерді тіркеу бойынша наразылық тудырып жүрген азаматтар анықталған жоқ. Қазіргі таңда планшеттерде орнатылған дерек қорларымен тестілеу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады.

Дайындаған С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.