УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШТАРЫ Избранное

Пятница, 03 Март 2023 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 752 раз

Қаламыздағы Шымкент университетінің студенттері шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Жуырда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтіп, универстеттен екі студентіміз қатысқан болатын.

98

 

Сайысқа 16-29 жас арасындағы 25 үміткер өтініш беріп, іріктеу барысында 12-сі өтті. Біздің студенттер осы жеңімпаздардың қатырынан көрінді. Жалпы байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан талантты жастарды іздеп, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Жастарға жетекшілік жасаған – «Филология» кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің магистрі, аға оқытушы Нұргүл Жұмағұлова. Байқауда оқу ордамыздың талапты, дарынды, тіл жанашырлары «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Мадина Амангелдиева 2 орынды иеленіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1курс студенті Мерей Сыздық белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Студенттеріміздің өнері өрге жүзіп, тек биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз.

Н.ЖҰМАҒҰЛОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.