ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРКТЕРДІ ДАМЫТУДА ШЫМКЕНТТІ ҮЛГІ ЕТТІ Избранное

Среда, 15 Март 2023 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 610 раз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Ел экономикасының жыл басынан бері орнықты өсіп келе жатқанына тоқталған Үкімет басшысы есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие өңірлер арасында Шымкент қаласын атап өтті.

359

 

Премьер-Министр өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында Алматы мен Шымкент қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктерді дамытуды ұсынды.
Атап өтер болсақ, биыл қала бюджетінің шығысына 534,3 млрд.теңге жоспарланған. Есепті кезеңге 62,6 млрд.теңге қаржы қаралып, нақты 61,9 млрд.теңгесі игерілген, яғни жоспар толықтай орындалған.
Қалада құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 70 мың шаршы метрге жетіп, жылдық жоспар асыра орындалды. Есепті кезеңде республика аумағында 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін жеткізген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы мен Шымкентте екенін атап өтті.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Әлихан Смайылов алдағы айларда экономиканың тұрақты өсу қарқынын сақтаудың маңызды екеніне тоқталып, министрлерге өңір әкімдерімен бірлесе экономиканы әртараптандыруда, тұрақты жұмыс орындарын құруда нақты тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.