12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРЕДІ Избранное

Среда, 24 Май 2023 05:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 745 раз

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Шымкенттегі мектептерде 9 сыныпты 21 485 және 11 сыныпты 11 653 түлек аяқтайды. Әйткенмен соңғы қоңыраудың соғылатын күні маусымға дейін ұзармақ.

79

 

Барлық өңірлердің ұсынысы негізінде 9,11 сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» 1 маусым болып белгіленді. Ал Білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды.
Айта кетейік, білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына орай, бітіруші 4,9,11 сыныптарының бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлықтарға және жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу тағы басқа мақсатта заттай және ақшалай жинауға қатаң тиым салынады. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарды «Соңғы қоңырау» жиынынан соң балаларының автошерулер жүрулеріне, кешкі мезгілде топталып тойхана, кафелерде көңіл көтеріп тойлауына , қала сыртына шығып атап өтуіне де рұқсат жоқ. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілген.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.