АЗАМАТТАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ Избранное

Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 375 раз

Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың пәтер кезегі, инфрақұрылым, әлеуметтік сала және жер телімдеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды.

kezdesu

 

Кезекті қабылдауда 200-ден аса тұрғынның арыз-шағымы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Зерделеуді қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Сала басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтуде, өзекті мәселелерді оңтайлы әрі шұғыл шешуде бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.