Версия для печати

Арнайы техникалар қысқа дайын Избранное

Среда, 07 Ноябрь 2018 05:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2887 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте тазалық мекемелерінің көліктері жаңартылуда. Биыл шаһар тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алынған.

54

 

Қаланың қысқы маусымға дайындығы тағы бір пысықталып, арнайы жол техникасы тексерілді. Қала әкімі  Ғабидолла Əбдірахымов жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысты. 

Шымкентте қазіргі таңда 4 тазалық мекемесі бар: «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бəйтерек ЛБ» жəне «Нұртас сервис». Техникалардың жалпы саны – 127. Оның ішінде сүргіштер, грейдерлер, самосвалдар, бульдозерлер және т.б. техникалар бар. Жауапты мамандар солардың көмегімен шаһардағы жалпы ұзындығы 584,4 шақырымдық 189 көшені тазалайды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісовтың айтуынша, қыста төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында дайындық жоғары дәрежеде пысықталуда. Бұл ретте арнайы техникалардың жарамдылығы мен техникалық жағдайын анықтауға талап күшейген.

Еске салсақ, биылғы қысқы маусымға қалада 4 мың тонна тұз және 23 730 текше метр құм дайын. Шаһарда қысқы маусымға дайындық жұмыстары кесте бойынша іске асырылуда.

Последнее изменение Среда, 07 Ноябрь 2018 08:21
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.