Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 37 144 азамат тіркелген. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәлім етті.
Коммуналдық тұрғын үйлерге тоқталсақ, 2008 және 2009 жылдары қалада коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер пайдалануға берілмеген. Мәліметтерге зер салсақ, Шымкентте пәтер кілтін алушы отбасылар саны артып келе жатқанын аңғаруға болады.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2013 жылы 171 пәтер пайдалануға берілген. Ал былтыр, яғни 2018 жылы 1152 пәтер берілді. Осы орайда 2019 жылы «Шымкент Сити» қалашығында 540 пәтер пайдалануға берілу жоспарлануда.
Несиелік тұрғын үйлерге келсек, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» ЖМҚ» АҚ-ы бағыты бойынша 321 пәтер ұсынылып, төлем қабілеттігін растаған 79 азаматпен келісім-шарт түзілді.