«АЛМАТЫ – ШЫМКЕНТ» ӘУЕ БИЛЕТІ – 5000 ТЕҢГЕ... Избранное

Среда, 17 Апрель 2019 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2818 раз

Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan Алматыдан Шымкент пен Павлодарға билет сата бастады. Аталмыш бағыттар бойынша толық техникалық тексеріс пен салоны реконфигурациядан өткен, 180 орындық Airbus A320 әуелайнерлері күнделікті қатынайтын болады.

A320-FlyArystan

«Оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке дейін жол жүру ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Қос қала арасындағы біржақты қатынау құны 4999 теңгеден басталады.

Павлодарға билет құны барлық әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталып, ол жаққа жолаушылар 1 сағат 50 минутта жете алады.

Билеттерді www.flyarystan.com сайтынан брондап, оған қоса жолаушылар өз қалауымен қосымша жүк борттық тағамға тапсырыс беру, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс бере алады» делінген хабарламада.

Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағандыға қатынайтын рейстер бірінші мамырдан бастап орындала бастаса, көптен күткен Шымкент пен Павлодарға қатынау 30 мамырда басталады.

FlyArystan барша жолаушыларға тариф ережелерімен мұқият танысып, толық ақпаратты ресми сайттан алуға кеңес береді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.