Шымкент көшелерінде биыл 10 жаңа бағдаршам орнатылады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.
Бұл іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, С.Жандосов – Ж.Шаяхметов көшелерінің қиылысы (№24 мектеп) мен Темірлан тасжолындағы «Төржан» мектеп-гимназиясының алдында, Ленгір тасжолы (№97 мектептің маңында), Жібек жолы көшесіндегі «Тассай» индустриалды аймағында, Мәделі қожа – Ж.Тәшенов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер бағдаршамы болады.
Сондай-ақ, Бозарық шағынауданы, КХ-37 – Ақалтын көшелерінің қиылысында, Н.Назарбаев даңғылындағы №130 мектеп маңында, Темірлан тасжолы – Ә.Қастеев көшелерінің қиылысында, Т.Рысқұлов – Ескендіров көшелерінің қиылысы («Мәди» аялдамасы) мен С.Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршамдар қойылмақ.