Шымкенттегі жолаушылар көліктеріне алдағы уақытта электронды жүйесі енгілізеді. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram әлеуметтік желісінде жазды.
– 2019 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін ендіру жоспарлануда. Электронды төлем жүйесін ендіру арқылы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы көтеріліп, тасымалдаушылардың табыстарының ашықтығы қамтамасыз етіледі, қоғамдық көліктердің салондарында болатын ұрлықтардың алдын алады.
Бұл мақсатта Алматы қаласындағы «Оңай» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді, - делінген жазбада.
Жалпы, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында биыл «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1000 автобус алу жоспарлануда.
Нақты айтсақ, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына дейін жеткізілмек.
Қазіргі таңда Шымкентте 26 көлік компаниясы бар. Күн сайын 1200 автобус пен шағын автобус қызмет етеді. Күнделікті 500 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көлікпен қатынайды.