Шымкентте жолаушылар тасымалдау саласында жаңа 2 бағыт ашылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің мәліметінше, №16 және №45 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда.
№45 автобус Мамандандырылған ХҚКО (Достық шағынауданы) – Алматы айналма жолы – Жиделібайсын көшесі – Ю.Гагарин көшесі – Республика даңғылы – Тәуке хан даңғылы – Ж.Тәшенов көшесі – Төле би көшесін қамтып, теміржол вокзалына дейін барады.
Ал №16 автобус «Shymkent bus» – Тәуке хан – Қойкелді батыр, Ақназар хан, Төле би, Түркістан көшелері, Қонаев, Тәуке хан, Республика даңғылы, Б.Саттарханов, Ашурходжаев, Өркендеу, Чайковский, Б.Саттарханов, Ы.Алтынсарин, Тұрсынбаев көшелері – Ферма бағыты бойынша қызмет көрсетеді.
Өткен аптада қала ішіндегі №96 бағыттағы «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсете бастаған болатын.
Айта кетсек, 19 маусым – қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылды. Сол күні жаңа 160 автобус жеткізілген.