Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, орындықтар, жарық шамдары орнатылып, қоқыс жәшіктері қойылуда. Пайдаланылған құрылыс материалдарының басым бөлігі – отандық өнім. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қалада тағы 300, келесі жылы 319 аула көркейтілмек. Сондай-ақ барлық спорт алаңдарын жаңарту жоспарланып отыр.
Абай ауданында биыл 107 аулада осындай шаралар атқарылды. Әл-Фараби ауданында 83 ойын, 18 спорт алаңы жаңа кейіпке енгелі тұр. Еңбекші ауданында 83 аула абаттандырылып, оның ішінде 6 жаңа спорт алаңы салынады. Қаратау ауданында жыл басынан бері 57 нысан пайдалануға берілді. Жыл аяқталғанша 8 аула жаңаланып, ашық аспан астында 10 спорт алаңы бой көтермек.