64 АУЛА ЖАҢАДАН АБАТТАНДЫРЫЛУДА Избранное

Пятница, 24 Июль 2020 03:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1701 раз

8

Еңбекші ауданында 64 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары орнатылуда. Сонымен қатар, 43 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары мен балалар ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарға биылғы жылы әр ауданның бюджетіне бөлінген 1 млрд теңгеден 800 миллионнан астам қаржы қаралған. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен 75,8 млн теңге бөлінген. Нысандар осы жылдың тамыз, қыркүйек айларында пайдалануға беріледі.
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының аулаларын абаттандырудың барысын тексерді. Жұмыстың сапасына баса назар аударған қала басшысы орындықтар мен кіші архитектуралық формалар сынды орнатылатын элементтерге сапалы материалдар пайдалану қажеттігін айтты.
Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов ауланы абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, биылғы жылы бұдан бөлек, 6 ашық спорт алаңшасы мен аула аралық тозығы жеткен 8 мекенжайдағы баспалдақтарды қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі 2021 жылы аудан аумағындағы 100-ден аса үй ауласын жөндеу және балалар ойын алаңдарын қайта құру жоспарланғанын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.