Версия для печати

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА Избранное

Среда, 29 Июль 2020 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2363 раз
Оцените материал
(0 голосов)

караиау үй қасбеті

Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілуде.

Бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді.
Қазіргі таңда Асар шағынауданында 2017 жылы пайдалануға берілген 30 көпқабатты тұрғын үйде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 12 бригада жұмыс істесе, әр бригадада 8 құрылысшыдан тұрады. Үйлерді қаптауға өте сапалы «сайдинг» материалы қолданылып жатыр.
– Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын ЖШС «Ақ Ордасы» Корпорациясы» көтеріп жатыр, -дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағын ауданындағы №18,19,20 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» және «Арт Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілсе, Ақжайық шағынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақстан» ЖШС–гі жүргізіп келеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.