Версия для печати

Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің Қаулысы

Среда, 29 Июль 2020 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3186 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 28.07. 2020ж. 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№29

 

Шымкент қаласыныңаумағында Құрбан айт мерекесі күндері қосымша шектеулерді енгізу және Шымкент қаласыныңБас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы №130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурызындағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының полиция департаменті, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласының бас имамы 2020 жылғы 31 шілдеден 2020 жылдың 2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесі кезеңінде тыйым салынсын:
1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;
2) Шымкент қаласының аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға;
3) онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысына.
2. 2020 жылғы 31 шілдеден 2020 жылдың 2 тамыз аралығында Шымкент қаласының полиция департаментіне, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық ветеринариялық инспециясына:
1) Шымкент қаласының кіре берістерінде, құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына малдарды алып келуге тыйым салуды және алдын алу бойынша бекеттерді ұйымдастыруды.
3. 2020 жылғы 31 шілдеден 2020 жылдың 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық ветеринариялық инспециясына:
1)Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту.
4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментіне, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасына, Шымкент қаласының бас имамына 2020 жылғы 31 шілдеден 2020 жылдың 2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесі кезеңінде:
1) Құрбандық шалуға онлайн режимінде Qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы рұқсат беру;
2) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру;
3) тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандық шалған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
5. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3 тармақтың 3.4 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарлардың жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік емес базарлардың (мамандарылған, киім, мал және автокөлік базарлары жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) барлық базарлардың жұмыстары тоқтатылсын»;
2) 4 тармақтың 4.1 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) толтырылуы 50% аспайтын қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі қадағалансын».
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының полиция департаментіне, аудандық әкімдіктерге, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасына, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық ветеринариялық инспециясына жүктелсін.
7. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
8. Қаулы нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
9. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев

Последнее изменение Среда, 29 Июль 2020 05:41
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.