SHYMKENT BIKE: велосипед алғашқы 30 минутқа – тегін

Четверг, 06 Август 2020 19:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2993 раз

Shym

Қала – қайнап жатқан тіршіліктің қазаны іспетті. Коронавирус карантиніне қарамастан шаһар шаруашылығы толастаған жоқ. Шымкентте қаланың үлкен магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарымен қатар веложолақтар салынуда. Енді бір-екі ай көлемінде тұрғындарға велосипедтер пайдалануға беріледі.

–Қазіргі таңда, SHYMKENT BIKE әлеуметтік-инновациялық жоба шеңберінде 160 велосипедтен құрайтын 40 велостанция пайдалануға әзір тұр. Велосипедтерді әкімдік балансына алып, тиісті шараларды жүргізіп жатырмыз. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар үшін пайдалануға беріледі, – деп жазды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында.
Әкім орынбасарының айтуынша, велосипед пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, 3 сағат үшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңге төлем талап етіледі. Жалпы абоненттік төлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

Последнее изменение Пятница, 07 Август 2020 05:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.