КӨШЕЛЕРГЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 21 Август 2020 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1377 раз

ЖАРЫКШАМ ФОТО

Шаһар көшелерін самаладай жарықпен шұғылаландырып тұратын шамдар түнгі қаланы ерекше құлпыртып көрсететіні анық. Олардан төгілген сәуле айналаны нұрландырып қана қоймай адамның көңіл-күйіне де ерекше әсер етеді.

Шымкентте көшелерге көрік пен жарық беретін 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Жарықшамдардың тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады.
Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған.
Одан бөлек, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі жарық жүйелерін қайта құру, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.