Версия для печати

2 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан жұмысын қайта бастады Избранное

Пятница, 21 Август 2020 05:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2077 раз
Оцените материал
(0 голосов)

3a15bb77-6269-41d9-9185-3e87101211f4

Шымкентте апта басынан бері «InfoKazakhstan» электрондық порталына кәсіпкерлерден жұмысын қайта бастауға 1920 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 1745 кәсіпкерлік нысан жұмысын қайта бастаса, 79 нысан санитарлық талапқа сай келмегендіктен жұмыстары тоқтап тұр. Бұл туралы Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде өткен брифингте айтылды.

– «InfoKazakhstan» электрондық порталына күн сайын өтінімдер түсуде. Осы өтінімдер бойынша мобильді топтар кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының сақталуына тексеру жүргізеді. Егер объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келсе, қызметін қайта бастауға арналған актіні электронды түрде жібереді.
17 тамыздан бастап 1920 өтінім келіп түсті, оның ішінде хабарландыру арқылы жұмысын бастағандар - 1745, тексеру мен іске қосылғандар - 175, санитарлық нормаларға сәйкестік туралы актілер - 25 объектіге берілді. Тексеруге өтінімді дұрыс бермеген және қызметін қайта бастауға дайын болмағандықтан 75-нің жұмыс істеуіне рұқсат берілмеді. Қазір 71 өтінім қаралу үстінде, – деді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішов.
Әкімдік, санитар мамандар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құрылған мониторинг топтар қаладағы объектілерде «COVID -19» індетінің таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Анашұлы қоғамдық тамақтану және сауда орындары шектелген уақыттан тыс жұмыс жасауын әлі де тоқтатпай отырғанын айтады. Бетперде тағу және дезинфекциялық режимнің сақталуына да мән бермей жүргендер баршылық. Сақтануды қорғану деп түсінбегендерге айыппұл салынған.
– Мониторинг қорытындысы бойынша 323 жауапты тұлғаға (жеке кәсіпкер-24, лауазымды тұлға - 2, жеке тұлға - 297) хаттама толтырылып, жалпы сомасы 21 279 480 теңгеге айыппұл салынды, – деді жауапты басшы.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының құқық қорғау органдарынан департаментке шекті бағадан асып кету, лицензиясыз қызмет көрсету және тіркелмеген дәрілік заттарды сату бойынша материалдар келіп түскен.
– Бүгінгі таңда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы заң бұзушылықтар бойынша 145 материал түсті. Оның 139-ы қаралып, 26-нда құқық бұзушылық фактісі анықталмады, ал 113 жағдай бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Департамент тарапынан қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жалпы сомасы 14 126 138 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама бойынша айыппұл салынып, барлығы 13 014 930 теңге өндірілді, – деп атап өтті Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқымбаева.
Айта кетейік, Шымкентте COVID-19 індетімен сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеп келеді. 18 тамызда инфекцияның 3 жағдайы ғана тіркелген.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.