Дендробақ қонаққа шақырады Избранное

Среда, 26 Август 2020 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2158 раз

Шымкент дендропаркі – тұрғындардың сүйікті орындарының бірі. Карантин кезіндегі саябаққа келушілерді қабылдамағанымен мұнда жұмыс толастаған жоқ. Биыл саябақ аумағын жабайы тал-дарақтардан тазарту жұмысы жүргізілуде.

512

 

Сонымен қатар, дендрарий өзге ағаш түрлерімен, интродуценттермен (жерсіндірілген түрі) толықты. Интродуцент – зиянды қоқыстың әсеріне қарсы тұра алатын өсімдік. Оның қатарында шырша, кипарис, арша, боз арша, қайың, долана және тағы басқалар бар. Бұлар қоршаған ортаның сауығуына септігін тигізеді. Одан бөлек, шаһар көркін одан сайын арттыра түседі.
А.Асқаров атындағы дендропаркте 42 түрлі ағаштың 200 көшеті, 39 түрлі 5341 бұта егілген. Мұнда 100 мыңнан астам өсімдік бар. Оның 61-і Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Дендропарк қызметкерлері тұрғындарды қонаққа шақырады. Келушілер үшін есігі айқара ашылған саябақ штаттық режимде жұмыс істеуге көшті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.