ӘЛЕМНІҢ 11 ЕЛІНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТТАЛДЫ Избранное

Среда, 26 Август 2020 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2082 раз

Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері 73,6 млн АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған.

509

 

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы экспортының артқаны байқалады. Мәселен 2019 жылы 65,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған.
Шымкентте өндірілген өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайға жөнелтіпті. Атап айтқанда, 72,3 тонна – ірі қара еті, 12,7 тонна – қой еті, 10,1 тонна – бал, 19,5 тонна – өңделген балық сыртқы нарыққа шығарылған. Сондай-ақ, картоптың – 25,2 мың, пияздың – 45,3, қырыққабаттың – 20, көкөністің – 558, жеміс-жидектің – 406,5 тоннасы жоғарыда аталған елдерге сатылды. Бұған қоса, 78,2 мың тонна – бидай, 4,5 мың тонна – арпа, 390 тонна – дәнді дақылдар, 6,1 мың тонна – майлы дақылдар, 110,6 мың тонна – ұн, 19,2 мың тонна – өсімдік майы, 986,1 тонна – макарон өнімдері және 74,5 тонна нан/кондитер өнімдері экспортталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.