Жеке куәлік пен құжатты рәсімдесеңіз...

Среда, 26 Август 2020 05:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1835 раз

Шымкентте жыл басынан бері 67 мыңнан астам азамат жеке басты куәландыратын құжатын рәсімдеген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлім етті.

513

 

Жеке басты куәландыратын құжаттар – жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға берілетіндіктен, адамдар көбіне оның мерзіміне қарауды ұмытып кетеді. Сондықтан аталған корпорация жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондау қажеттігін ескертеді. Мамандар құжаттың мерзімі өтіп кетсе, әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін екенін айтады.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін кезекті алдын ала брондау тәртібі енгізілді. Кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм-бот EgovKzBot 2.0 қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттың мерзімі өтсе, аты-жөнін өзгерту қажеттілігі туындаса, құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіне болады. Бұл орайда азаматтың қай жерде тұратыны және қай мекенжайда тіркелгені маңызды емес.
Ал жеке куәлікті алғашқы рет алатын азаматтар, яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға баруы тиіс.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.