50 жыл бұрынғы құбырлар ауыстырылуда Избранное

Среда, 26 Август 2020 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1725 раз

«Қуатжылуорталық3» мекемесі 2019-2020 жылғы қысқа дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Қазіргі таңда қаладағы көшелерден өтетін магистралді жылу құбырлары қалыпқа келтіріліп жатыр.

510

 Кәсіпорынның жұмысшы бригадалары ыстық су айдайтын сорғыларды жөндеп, жылу сапасын жақсарту үшін изоляциялық материалдармен қаптауда. Мәселен, Нұрсәт шағынауданындағы ескірген құбырларды жаңалаудың І кезеңдік жұмыстары басталды.

Сол секілді Байтұрсынов, Ілияев, Асқаров көшелеріндегі үйаралық құбырлар ауыстырылып жатыр. Ал
Арғынбеков көшесінің бойындағы үлкен магистралді жылу құбыры жаңартылуда. Мұндай жұмыстар қаланың өзге де аумақтарында қарқынды жүргізілуде. Жалпы өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған ескі құбырлардың барлығын кезең-кезеңімен ауыстыру көзделген. Мекеменің басты ұстанымы — халыққа сапалы қызмет көрсету. Осы мақсатқа орай бүгінде қаланың көп бөлігіне ыстық су беріліп жатыр. Солардың қатарында Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты үйлер мен Шымсити, Нұрсәт, Сайрам, Тұран шағынаудандарын атап өтуге болады.
Соңғы кезде мекеме жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы біршама көтерілді. Оған айлық-жалақының бірнеше есеге өсуі оңды әсерін тигізді. Әсіресе дәнекерлеушілер жоғары айлыққа қол жеткізді. Пердебай Сәбитов басқаратын ұжым жетекшілігі тек мұнымен шектелмей, яғни айлық жалақыны көтеріп, уақытылы төлеуден бөлек әлеуметтік көмек көрсетудің басқа да жолдарын қарастыруда. Мәселен, жақсы жұмыс атқарған ұжымның еңбек озаттарына тұрақты түрде ынталандыру сыйақысы беріліп тұрады. Науқас, тиісті ем-дом шарасына мұқтаж азаматтарға материалдық көмектер көрсетіледі. Осындай жәрдем берілген ұжым мүшелерінің ішінде мен де бармын.
Сонымен бірге «Қуатжылуорталық3» кәсіпорны пневмонияның өршіген кезеңінде еріктілер тобын құрып, қайырымдылық іс жасады. Қаладағы провизорлық орталықтар мен жұқпалы дертті емдейтін ауруханаларға оттегі баллондарын тегін жеткізіп берді. Ол үшін арнайы жасақталған ұжым еріктілері күндізгі және түнгі кезекшіліктер құрды. Бұдан бөлек мекемеміз стационарлық емдеу орталықтарын қажетті техникалармен қамтамасыз етті.

Арыстан ҚОЖАМҚҰЛОВ,
«Қуатжылуорталық-3»
МҚК учаске шебері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.