ҚҰРЫЛЫС өз өнімімізбен салынуда Избранное

Пятница, 28 Август 2020 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1490 раз

Шымкент қаласында биылғы жылы құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде 96 нысанның құрылысы жүргізілуде.

612

 

Ондағы нысан құрылысын қазақстандық өніммен қамту үлесі 91 пайызды құрап отыр. Бұл туралы құрылыс басқармасының мамандары хабарлады.
Олардың айтуынша, құрылысы жүргізіліп жатқан жобалардың 56-сы тұрғын үй болса, 15-і инженерлік инфрақұрылым, ал 16 жоба әлеуметтік нысан және жұмыспен қамту жол картасы аясында 9 нысан бар.
Бүгінде қалада құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Осы жылдың алты айында олар 34,2 млрд теңгенің құрылыс материалдарын өндірген.
Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрайды. Құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында құны 2,9 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.