Елімізде 1 қыркүйек - Білім күні онлайн өтеді Избранное

Пятница, 28 Август 2020 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2403 раз

Білім күнінде қазақстандық оқушылар мектепке келмейді. Іс-шараны онлайн өткізу туралы шешім қабылданған деп хабарлайды БҒМ Facebook-тегі ресми парақшасында.

617

 

Ведомствоның хабарлауынша, 1 қыркүйек күні балалар мектепке келмейді, білім күніне арналған жиынға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, балалар мен педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында, 1-11 сыныптарда мектептерде қашықтан оқыту жүргізіледі.
«Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады. Кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады. Әр кезекші сыныпқа бөлек мұғалім бекітіледі», - деді министрлік.
Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеу туралы шешім қабылдаса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Ал санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елд мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқытылады. Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Алайда ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмесе, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Сондай-ақ, арнайы мектеп-интернаттардағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режимде оқи алады. Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режимде жұмыс істейтін болады. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Еске сала кетсек, бұған дейін ведомство қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасы берілмейтінін мәлім еткен еді. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі бірқатар ғылыми институттардың қайта құрылатынын хабарлаған болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.