Версия для печати

ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЖҰМСАЛУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Вторник, 15 Сентябрь 2020 08:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1997 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2d4f82dd-1e7c-49ae-9816-1d14fb17f0e5

Шымкент қаласының кез-келген тұрғыны мемлекеттік мекемелерге бөлінген бюджеттің мақсатты жұмсалуын бақылап, шағымдары мен ұсыныстарын қалдыра алады.
Бұл туралы «Antikor.Live» жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамасымен жасалған Ашық бюджеттердің интерактивті картасы (publicbudget.kz/ru) жобасы аясында мүмкін болып отыр.
«Интерактивті картаны пайдалану ұқсас объектілерге бөлінген қаражатпен танысуға және салыстыруға, олар бойынша пікірлер мен шағымдар қалдыруға, талдау жұмыстары арқылы бағаның жоғарылауын анықтауға мүмкіндік береді» - деді спикер.
Қазіргі таңда мегаполисте Картаға 877 ұйымның қаражаты орналастырылып, 460 млрд.теңге қалыптастырылған.
«Интерактивті карта 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады» - дейді спикер.
Эфир барысында Департаменттің аға офицері Алексей Колосков Картаға кіру мен бюджеттерді бақылау жолдарын түсіндіріп өтті.

Последнее изменение Среда, 16 Сентябрь 2020 09:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.