Қоғамдық көлік электрондық жүйеге өтеді Избранное

Среда, 30 Сентябрь 2020 06:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2439 раз

c5e6402a-d6e4-4c02-902a-74ac65a50bee

...Бүгінде стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы 70 теңге, қолма қол төлеу 100 теңге болады...

Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі. Бұл – үшінші мегаполистегі қоғамдық көлік қызметін жаңғырту жобаларының бірі.

Шаһарда бұл бағыттағы жұмыстарды жаңғыртуда бірқатар шаралар қолға алынған болатын. Бұған дейін қалаға жаңа автобустар жеткізілді. Енді төлем жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілмек.
Осы орайда, Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Төлем» электронды билет жүйесін енгізу мәселесі бойынша баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «QazSmartTrans» ЖШС бас директоры Сержан Ақылбаев жаңа жобаны жан-жақты түсіндіріп берді.
– Электронды төлем жүйесін енгізу «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестиция көлемі – 1,2 млрд. теңге. Бүгінде стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы 70 теңге, қолма қол төлеу 100 теңге болады.
Жобаны іске асырудағы негізгі мақсат – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қалалық бюджетке түсімдерді арттыру, жолаушылар ағынының таралуы бойынша нақты статистикалық есебін беру, ашық деректер арқылы әлеуметтік мәні бар маршруттарды субсидиялау, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов брифингте жаңа жүйенің ерекшеліктеріне тоқталып.
Электронды билет жүйесі әр маршруттың тиімділігін, компаниялардың табысы мен шығынын айқындайды. Тағы бір ерекшелігі, төлемнің әртараптандырылуында.
Қоғамдық көлікте төлем жасау үшін электронды карталардын 4 түрі қарастырылған – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушыларына, студенттерге және жеңілдіктерге арналған карталар.
Компания басшысы Сержан Ақылбаев жаңа жоба жайлы толығырақ мәлімет берді. Оның айтуынша, көлік картасының бағасы 500 теңге. Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады. Төлем карталары қалада 3000-нан астам орында, дүкенде сатылады. Картаны банктердің банкоматтары арқылы, мобильді қосымшалар арқылы толтыруға болады.
«QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың көлік карта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І - топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.
Мақсұт Исаховтың айтуынша, жаңа жүйе жалпы талдау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Көлік компаниялары табысын айқындау арқылы несие алуы да қолжетімді бола түседі. Қарапайым халыққа да, мемлекетке де, әкімдікке де, компанияға да қолайлы жоба.
Мақсұт Пернебайұлы картаны сатып алу арқылы әрбір тұрғын қоғамдық көлік саласын жаңғыртуға үлес қосатынын атап өтті. Жаңа жобаның қолданылуы аясы кеңейіп жатса, жүйе одан әрі дамытыла бермек.
Сержан Зиябекұлының мәлімдеуінше, бұл жоба бүгінде Атырау қаласында іске асуда. Қазіргі таңда Шымкентте жоба бойынша 22 адам жұмыс істеуде. Болашақта 30 адам жұмыспен қамтылмақ.
Төлем карталары 1 қазанда сатылымға шығады. Бүгінде смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәлімет беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы (87758112222) ашылды.
Сондай-ақ, брифингте
Д. Қонаев пен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында жолайрық салу мәселесі бойынша мәліметтер айтылды. Аталған құрылыс жұмыстары биыл басталады. Келесі жылдың желтоқсанында жолайрықты аяқтау жоспарлануда.
Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, Шымкентте 4 жолайрық салу көзделіп отыр. Бүгінде екі жобаның жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Мердігер компаниялар анықталды.

 

Ә. АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.