Кездесу мақсаты — жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Басқосуда қазіргі қоғамда жастар арасындағы әртүрлі түйіткілді мәселелер сөз болды. Кеш қонағы үшінші мегаполистің жас өрендерін еліне адал қызмет ететін жастар қатарынан болуға шақырды. Еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке үндеді.
– Қазір жастарға айтылу керек дүние көп. Осындай кездесулерде айтары бар адамдардың ойын тыңдаудың еш сөкеттігі жоқ. Керісінше жобаны қолдайтын, қабыл алатын, күшейтіп дамытатындар шығатын шығар. Жастар өзінің ұнатқан дүниесімен айналысуы керек. Бізде өзі қаламаған мамандықтың дипломын алып алғандар жетерлік, - дейді Б.Байтуов.