Автокөлік нөмірін үйіңізге жеткізеді Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1756 раз

Қазақстан бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясында іске қосылған жаңа қызмет үшінші мегаполиске де келіп жетті. Енді шымкенттіктер автокөлікті тіркеу куәлігі мен нөмірін үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.

722

 

Бұл қызмет көпшіліке кең танымал eGov.kz порталы арқылы көрсетілуде, дейді мамандар.


– Өтінімді рәсімдеу үшін «Электронды үкімет» порталына кіріп, авторизациядан өту керек. Содан кейін іздеу жүйесі арқылы «Көлік және коммуникациялар» қызметін табыңыз. «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде «Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі (МТНБ) және көлік құралының тіркеу куәлігін (КҚТК) үйге жеткізу» қызметін белгілеп, тапсырыс беруге болады, - дейді №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Аиша Оңласбекова.

Aisha


Айта кетейік, бұл қызмет ақылы. Көлік иесі МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен мекенжайын көрсете отырып, өтінімде көрсетілген барлық қажет ақпаратты толтыруы керек. Содан кейін баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік смс-пароль арқылы тіркеледі. Бір реттік смс-пароль алу үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелуі керек.


Айта кетейік, нөмір белгісін таңдап, автокөлікті есепке қойып, мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді рәсімдеуге болады. Жеке тұлғаларға ұсынылатын бұл қызметті көрсету уақыты – 1 жұмыс күні.

Последнее изменение Среда, 21 Октябрь 2020 05:47
Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.