Версия для печати

ДІНИ КОНФЕССИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 04:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2510 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы діни конфессия жетекшілерімен кездесті.

721

 

Кездесу барысында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтап, конфессия басшыларымен дін өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.
- Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі біздің міндетіміз мемлекеттің беріктігін сақтап, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылығының айналасына топтастыру болып табылады. Бұл жұмыста өздеріңіз басқарып отырған конфессиялардың рөлі зор. Сондықтан кездесуіміз халықтар достығына, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, - деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, қала әкімі Рухани келісім күніне орай конфессия басшыларына алғыс хат табыстады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.