30 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 278 раз

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр.

719

 

Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, денсаулық сақтау – 6 жоба, спорт – 4 жоба, абаттандыру – 15 жоба, төтенше жағдай – 1 жоба, ауыл шаруашылығы – 1 жоба, басқа да сала бойынша бір жоба атқарылуда.
Сонымен қатар, 54 млрд.теңгені құрайтын 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде инженерлік-инфрақұрылым – 4 жоба, көлік инфрақұрылымы – 2 жоба, спорт – 1 жоба, денсаулық – 1 жоба.
Нәтижесінде шаһар басшысы жеке инвестиция тарту арқылы 59,9 млрд.теңгеге бюджет жүктемесі төмендетілетінін мәлімдеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.