Версия для печати

ТЕННИС КОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1679 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде.

711

 

Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалды.
Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.
Сонымен қатар, құрылыс басқармасының мәліметінше, зоологиялық бақтағы қайта құру жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Жаңадан 2 павильон, жасанды өзен және көпір салынып жатыр. Бүгінгі таңда демонтаж жұмыстары - 90%, іргетас - 30%, көлді бетондау - 40%, қасқырлар үйі - 25%, аюлар үйі - 20%, маймылдар үйі - 30% орындалған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.