Версия для печати

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МАМАНДАРЫ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ Избранное

Пятница, 23 Октябрь 2020 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1491 раз
Оцените материал
(0 голосов)

COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал  екінші толқынына дайындық бойынша жедел медициналық көмек көрсету станциясының қызметкерлері ауқымды аттестациядан өтуде.

813

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аттестациядан 900 маманды өткізу жоспарланып отыр.
–Бұл аттестацияның маңызы зор. Себебі осы арқылы мамандардың біліктілігін анықтап, одан әрі дамыту барысын бағамдай аламыз, – дейді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндеті атқарушысы Бақытжан Позилов.
Сондай-ақ, бұл шаралар эпидемиямен күресу кезінде алғы шепте қызмет ететін жедел жәрдем қызметкерлерінің мамандары үшін аса қажет екенін жеткізді.
Айта кетейік, біліктілікті арттыру аттестациясы бір уақытта тоғыз жедел жәрдем бекетінде өтіп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.