Версия для печати

Covid-19 жұқтырғандар саны өсті Избранное

Пятница, 23 Октябрь 2020 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1827 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 14 пайызға өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Өткен тәулікте елімізде сынама тапсырып, оң нәтиже анықталған 141 адам тіркелген.

812

 

Оның ішінде Шымкенттің вирус жұқтырған 3 тұрғыны да бар. Ең көбі – Қарағанды облысында, мұнда жаңа 15 факті тіркеліп отыр. Осылайша елімізде Covid вирусын жұқтырған адамдар саны 109 907-ге жетті. Өткен тәулікте 84 науқас жазылып шыққан.
Комитет төрағасының айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, СҚО, БҚО, ШҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарында сақтық шаралары күшейтілді.
Министрлік өкілдері, бұған қоса, дәл қазіргі жағдай ескеріле отырып мектептердегі ІІ-тоқсандағы сабақ қашықтан оқыту әдісімен жалғаса беретінін мәлімдеді. Тек 1-4 сыныптар мен оқушы саны аз мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.